ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ 38,3% АРТТЫ
Өткен жылы негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша ілгерінді жұмыстар атқарылды.
Мәселен, «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру» аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға — 30,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, 14 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсетілді және қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1552 агроқұрылымға 16,6 млрд. теңге несие берілді.
Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде агро салада 590,2 млрд. теңгенің (НКИ — 107,5%) өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында — 375,3 млрд. теңгенің (НКИ — 112,6%), мал шаруашылығында — 214,0 млрд. теңгенің (НКИ — 98,8%) өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 38,3% артты.
Ал, биылғы жылы ауыл шаруашылығында 680,6 млрд. теңгенің өнімін өндіру көзделуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы