ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ 40,5 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Аймақта ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері — 562,5 млрд. теңгенің (НИК-106,1%) өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 162,2 млрд. теңгеге артты. Оның ішінде, егін шаруашылығында — 374,0 млрд. теңгенің (НИК-109,1%), мал шаруашылығында — 187,7 млрд. теңгенің (НИК-100,2%) өнімі өндірілді.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 19,5 млрд. теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 1,7 млрд. теңге инвестиция салынды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы