🔰Өнегелі отбасы – ел тірегі
🔹Әз Наурыз мерекесі аясындағы «Шаңырақ» күніне орай «Анаға тазым» отбасын қолдау орталығында «Өнегелі отбасы – ел тірегі» атты іс-шара өтті.
🔹Отбасылық құндылықтарды дәріптеген, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі жанұялардың өмірін, жарасымдылығын, тату-тәтті ғұмырын жастарға үлгі етуді мақсат тұтқан шараға жарты ғасырлық «алтын тойға» жеткен белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов пен жұбайы Күлбағира Жақсыбаева, бір шаңырақ астында 42 жыл ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстанның Құрметті журналисі Бекет Момынқұл пен жары Айгүл Сәрсенбайқызы және 25 жылдық «күміс тойдың» иелері К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары, әнші, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров мен аяулы жары Лаура Сейіталиева арнайы шақырылды.
🔹Тағылымға толы кездесу барысында қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар шара барысында таяуда шаңырақ көтеріп, отбасын құрып жатқан жастардың неке қию рәсімі орындалды. АХАТ бөлімінің маманы Жансая Дүйсекова Нигметовтер отбасына неке куәлігін табыстаса, екі жасқа Сауранбек Жамалбеков бата берді.
📌Сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай пен «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығығының директоры Эльмира Мырза-Ғали жылы лебіздерін арнап, қонаққа шақырылған отбасыларды марапаттады.
Кеш соңы «Анаға тағзым» орталығының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты