«Өнегелі ұрпақ» акциясында ардагер анаға құрмет көрсетілді

Жайылма ауылдық округіндегі Әйтеке би атындағы орта мектебінің жастары мен жасөсіпірім оқушылары «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында, Жайылма ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Шардарбекова Тәжікүл апаның үйінде болып, үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ардақты ана жастардың еңбегіне, көрсеткен құрметіне ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді.
Қарттарға қамқорлық танытып, көмек қолын созуға арналған акция ауданда одан әрі жалғасып жатыр.