Өнерге құрмет

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде шілде айының алғашқы жексенбісі ұлттық домбыра күні болып бекітілген еді. Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Қазақ пен домбыра егіз ұғымдардың бірі. Сол себепті 5.07.2024 ж күні орталық саябақта домбырашылар шеруі өтті. Әр өнер ордасынан жиналған домбырашылардың күмбірлеген күйлерін көрермендер зор ықыласпен тыңдады. Соның ішінде Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Күй керуені» үйірмесі, жетекшісі Н.Альжанова мен «Үкілі домбыра» үйірмесі , жетекшісі Ж.Әділхановалардың шәкірттері өнерлерін паш етіп, көрермен көзайымына айналды. Ұлттық домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттыратынына сеніміміз мол.

 

Балалар Мен Жасөспірімдер Орталығы