ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНДЕГІ КӨРСЕТКІШ 134,6 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН
Талас ауданында 2022-2025 жылдары 49,8 млрд теңгенің 7 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл сәтті жүзеге асқан жағдайда 617 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал салық мөлшері 570 млн теңгені құрайтын болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, биыл өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда арта түскен.
Өңірдің қарқынды дамуы үшін әр аудан белгілі бір талап үдесінен шыға білуі тиіс. Осы ретте Талас ауданында тындырымды тірлік көп. Мәселен, биыл өнеркәсіп өндірісіндегі көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 134,6 пайызға артық орындалды. Бұдан бөлек, жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 122,2 пайызға артқан. Ауданда 2022-2025 жылдары 49,8 млрд теңгенің 7 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл сәтті жүзеге асқан жағдайда 617 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал салық мөлшері 570 млн теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ ағымдағы жылыжасыл экономика саласы бойынша 3 жоба іске асырылуда, — деді Нұрбол Әбдімәжитұлы.
©️©️©️
❗️ Сонымен қатар, спикер аудан көлемінде елді-мекендерді газбен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңда Аққөл, Қызыләуіт және Ақтөбе ауылдарына газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде екен. Бұдан бөлек, Майтөбе, Қожағаппар елді-мекендерін газдандыру мақсатында тиісті қаржы бөлінген.
✅ Жалпы, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігін толықтай қамтыған жиында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, ауыл шаруашылығын өркендету, құрылыс және өзге де салаларды қолдау мақсатында қолға алынған жұмыстар да қамтылды. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков жерлестерінің ерік-жігері ертеңгі күнге деген сенімдерінің беріктігін айқындайтынын мәлімдеді.
#ӨКҚ