ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСЫ ТҰРАЛАП ТҰР!
Аудан әкімі «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 505 гектарды құрайтын бұл нысан ауданымыздың аумағында орналасқан. Қазіргі таңда Қытай елінен жеткізілетін шикізаттың қымбаттауына байланысты өнеркәсіп жұмысы тұралап тұр. Сондай-ақ өнеркәсіп басшылары алдағы уақытта іске асатын жоспарларымен бөлісіп, жоспарға сәйкес аудан халқына біраз жұмыс орындары ашылатынын жеткізді.