ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДАН ЖАСАЛҒАН ГАЗОБЛОК

Торайғыров университетінің сынақ цехы өнеркәсіптік қалдықтардан жасалған газоблоктардың алғашқы партиясын шығарды.

Газоблоктың беріктігі D400, D600, D800 маркалы бетонға сәйкес келеді, сонымен қатар, аязға төзімді және ұзақ мерзімге арналған.

Торайғыров университетінің ғалымдары әзірлеген технологиялар аймақтағы күл, шлак қалдықтарын азайтуға көмектеседі және жылы, мықты үйлерді салуға бағытталған. Өндіріс іске қосылған соң әзірлеушілер азаматтық құрылыспен айналысып, қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға атсалыспақ.

Бұл цехте құрамында цементі жоқ пескоблок пен пеноблоктар шығарылмақ, олардың бағасы төмен және техникалық сипаттамалары жақсы.

Бұл газоблоктар т.ғ.к. профессор Шамиль Торпищевтің патенттері мен стандартты технологиялар бойынша өндіріледі. Ғалымның әзірлемелерін қолдана отырып, цементті қолданбай-ақ құрылыс материалдарын шығаруға болады.

«Экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдарын өндіру технологиясы техногенді қалдықтарды жоюға сеп болады және әлемдік стандарттарға сай келеді. Ол отандық құрылыс саласында кеңінен қолданысқа ие болу керек», — дейді ғылыми-инновациялық хаб директорының міндетін атқарушы Серік Шәріпов.

Шамиль Торпищев (1957-2011) – Қазақстанның көрнекті ғалымы, 30 жылдан астам құрылыс-сәулет факультетінде жұмыс істеді. Ғалым 160-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбек жариялады, 80-нен астам ғылыми өнертабыстың авторы. ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, RILEM құрылыс материалдары, жүйелер мен конструкциялар саласындағы (Париж қ, Франция) зертханалар мен сарапшылар Халықаралық одағының мүшесі.