Өнерлі өрендер жүлделі орындардан көрінді

Астана қаласында оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бояулар құпиясы» байқауында Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің оқушысы Шабденбек Шерхан 1-ші орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, Павлодар қаласында қашықтықтан өткен «DREAMFEST» Халықаралық бейнелеу өнері мен қолөнер бойынша байқауда Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің оқушылары Құттыбай Зере І орынды (қолөнер-тоқыма), Струк Богдана ІІ орынды, Тлеумбек Ерболат ІІІ орынды (бейнелеу өнері-кесііндеме) номинациялары бойынша иеленді. Байқау жүлдегерлеріне арнайы сертификаттар табысталды.