Оңдасын Оразалин : Ескі ғимараттарды қалыпқа келтіре отырып тарихи келбетін сақтап қалу қажет.
9-қазан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаланың ескі бөлігін аралап, қасбеттері қалыпқа келтіріліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеуін бақылады. Облыс әкімінің тапсырмасымен Ақтөбедегі көне ғимараттарды қалыпқа келтіру жұмыстарына инвесторлар тарту көзделген. Аймақ басшысының бұл ұсынысы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы тарапынан қолдау тапты. Аталған кәсіпорын қыркүйек айында Шернияз Жарылғасұлы көшесіндегі №62,64,66,68,70 үйлердің сыртына әрлеу жұмыстарын жүргізуді бастады. «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы ның президенті Вэй Юйсян жүргізіліп жатқан жөндеулерді көрсетті.
«Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде Ақтөбе қаласының көрікті орындарын көбейтпекпіз. 150жылдан астам тарихы қалыптасқан қалада сыртқы келбеті сұлу ғимараттар жетерлік. Жөндеу жұмыстарын жүргізуде олардың тарихи келбетін сақтап қалуды ескеру керек. Белсенділік танытып жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін»,-деді Оңдасын Оразалин.
«Аймақ басшысы Қазхром» АҚ ТҰК Президенті Арман Есенжоловқа 2021 жылы “Жилгородок” тұрғындар қалашығындағы ғимараттардың сыртын жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс тастады. Сондай-ақ, қала әкімі Асхат Шахаровқа тұрғындар серуендейтін орындардың санын арттырып, “Жилгородок” тұрғындар қалашығындағы үй аулаларын қалыпқа келтіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Ғани Өтепбайұлы