ӨҢІРДЕ ҚҰНЫ 111,0 МЛРД.ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 17 ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров мәлім етті.

 

 

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 105,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,6%-ға артық (2019 жылғы қаңтар-наурыз – 81,0 млрд. теңге). НКИ – 127,6%.

Облыс бойынша осы жылы экономиканың түрлі салаларында 17 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл ретте 1200-ден астам жұмыс орныны құрылмақ.

Алайда, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, көптеген жобалардың іске қосу күндеріне түзетулер енгізілмек.Кейбір жобалардың кешіктірілуі — шетелдік жұмыс күшінің келуіне байланысты.

Мысалы:

1. «OSS Kazakhstan» ЖШС мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау жабдықтарын өндіру цехы (жобаның құны – 1,1 млрд. теңге, 300 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: цехтар құрылысы соңғы сатыда, инженерлік желілер жүргізілді, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қалды, жабдықтар (станоктар) сатып алынды, бірақ жұмыстарды толық аяқтау үшін Сингапурдан 3-4 маман келу керек.

2. «Орда «өндірістік компаниясы» ЖШС қант шикізатын қайта өңдеу және оның негізінде қант құмы мен нават өндіру шағын зауытын салу және пайдалану (жобаның құны-86,6 млн. теңге, 35 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: Бүгінгі күні шағын зауыттың құрылыс жұмыстары аяқталды, жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары қалды. Қазіргі уақытта соңғы іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін жабдықты жеткізу туралы келісім-шарт жасалған Тәжікстаннан компаниясының қызметкерлерін күтуде. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты (коронавирус пандемиясы) Тәжікстан азаматтарының келуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

3. ҚР жағы: «Kazakhstan Water Solution Company» ЖШС, серіктес жағы: CITIC Envirotech Ltd. Қытай (жобаның құны – 21 400 млн. теңге, 40 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 4 тоқсаны);

Ағымдағы жағдай: қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары жалғасуда, іргетасты қалау, бағаналар мен металл құрылымдары салынуда, сонымен қатар қосымша цехтар құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарды жалғастыру үшін Қытайдан 30 маман келуі күтілуде.

Өтініш берушілердің мәліметтері бойынша, 17 жобалар іске қосу 2020 жылдың соңына дейін күтілуде (коронавирустық инфекцияның таралуына қатысты оптимистік болжам кезінде)

Карантиндік режим біткеннен кейін алдағы ұақытта (2-3 ай) 5 жобалар іске қосуға жоспарлануда («OSS Kazakhstan» ЖШС, «Сталелитейный центр» ЖШС, «Aktau Tourism City Ltd», «Орда «өндірістік компаниясы» ЖШС, «Оралмұнайпром» ЖШС).

Облыс әкімдігі өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде түрлі әкімшілік мәселелерді шешуге барынша жәрдем көрсетуде.

1. Ақтау қаласында «Dynamics business technologies» ЖШС «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесін енгізу және қызмет көрсету (Жобаның құны – 1906 млн. теңге, 7 жұмыс орны, іске қосу 2020 жылдың 1 жарты жылдығына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: қазіргі уақытта қала бойынша 550-ден астам бейнекамера орнатылды (жоспар 600), серверлік жабдықты орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалған 50 бейнекамераларды

2. «Сталелитейный центр» ЖШС болат құю зауытының құрылысы (жобаның құны – 871 млн. теңге, 30 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: бүгінгі күні енгізу актісін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Енгізу актісі карантинге байланысты алынбады, сараптама жүргізетін жеке компаниялар карантинге жабылды, сонымен қатар кәсіпорын аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

3. «OSS Kazakhstan» ЖШС мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау жабдықтарын өндіру цехы (жобаның құны – 1,1 млрд. теңге, 300 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: цехтар құрылысы соңғы сатыда, инженерлік желілер жүргізілді, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қалды, жабдықтар (станоктар) сатып алынды, бірақ Қытайдағы жәнеде әлемдеғі жағдайға (коронавирус жұқпасы) байланысты жеткізу кідіруде)

4. «PERAPLASTIC SEZ» ЖШС полипропилен қаптамасын өндіру (жобаның құны – 2 800 млн. теңге, 200 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: компания елдегі жағдайға байланысты карантин, доллар бағамының көтерілуіне байланысты іске қосулуының күні 3 тоқсаннан 4 тоқсанға ауысты.

5. «Достық Полимер Плюс» ЖШС полимерлік қаптаманы өндіру зауытын салу (жобаның құны – 295 млн. теңге, 32 жұмыс орны, іске қосу күні 2020 жылдың 1-жартыжылдығына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: жер учаскесін тұтқындауға байланысты жобаны іске асыру (салу) уақытша тоқтатылды. Ақтау қаласының әкімдігі сотқа ауыртпалықты алып тастау үшін талап арыз жолдады. Соттың қарауы карантин режимін енгізу себебі бойынша кідіруде.

6. «Ақтауоблгаз» ЖШС «Маңғыстау индустриялық паркі» ЖШС сұйытылған газдарды сақтау қоймасын қайта жаңарту (жобаның құны – 350 млн. теңге, 12 жұмыс орны, іске қосу күні 2020 жылдың 4 тоқсаны);

Ағымдағы жағдай: қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары карантиндік режимді енгізуге байланысты уақытша тоқтатылды.

7. Ақтау қаласы аумағында туристік-қонақ үй кешенінің құрылысы, Түркия «Aktau Tourism City Ltd» «жылы жағажай» ауданында (жобаның құны – 60 800 млн. теңге, 635 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 4 тоқсанына (1 кезең) жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: Бүгінгі күні 1 және 2 кезең бойынша Мемлекеттік сараптама РМК қорытындысы бойынша алынды, объектіде 1560 адам жұмыс істейді. Кәзіргі таңда жалпы құрылыс жұмыстары 69 % жетті.

8. «Орда «өндірістік компаниясы» ЖШС қант шикізатын қайта өңдеу және оның негізінде қант құмы мен нават өндіру шағын зауытын салу және пайдалану (жобаның құны-86,6 млн. теңге, 35 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: Бүгінгі күні шағын зауыттың құрылыс жұмыстары аяқталды, жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары қалды. Қазіргі уақытта соңғы іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін жабдықты жеткізу туралы келісім-шарт жасалған Тәжікстаннан компаниясының қызметкерлерін күтуде. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты (коронавирус пандемиясы) Тәжікстан азаматтарының келуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

9. «Оралмұнайпром» ЖШС шағын газ поршенді электр станциялары базасында «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС үшін электр энергиясын өндіру (жобаның құны-5 439 млн. теңге, 50 жұмыс орны, іске қосу күні 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды, жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары қалды. Қазіргі уақытта соңғы іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу үшін жүйелерді тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы іс-шараларды аяқтау үшін Германияға тапсырыс берілген генераторлар үшін қосымша қосалқы бөлшектер қажет және кабельдер Ресейдге тапсырыс берілген. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты (коронавирус пандемиясы) тапсырыс берілген материалдарды алу белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. осыған байланысты жобаны енгізу ұзаққа созылуы мүмкін.

10. «Жетібай ЖЭС» жел электр станциясын салу. «ВЭС Сервис» Қазақстан ЖШС (жобаның құны-1950 млн. теңге, 20 жұмыс орны, іске қосу күні 2020 жылдың 3-тоқсанда жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: 5 жел генераторларын монтаждау аяқталды, жер қазу дайындық жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда ЖЭС қосалқы станциясының алаңын дайындау, сонымен қатар «Шығыс Жетібай» қосалқы станциясына 35 КВт әуе желісін (тіректер мен беріліс желілерін орнату) салу бойынша монтаждық жұмыстар жүргізілуде, алайда пандемияға байланысты «Шығыс Жетібай» қосалқы станциясына арналған жабдықтар оның тапсырысы үшін қиындық туғызады, осыған байланысты жобаны енгізу кем дегенде 3 айға созылады.

11. «Жанғыз ЖЭС» ЖШС «Жетібай ЖЭС» жел электр станциясының құрылысы (жобаның құны – 975 млн. теңге, 10 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 3-тоқсанда жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: 3 жел генераторларын монтаждау бойынша жұмыстар негізгі желіге қосылуды күтуде. Алайда, пандемияға байланысты «Шығыс Жетібай» қосалқы станциясына арналған жабдық тапсырыс беру үшін қиындық тудырады, осыған байланысты жобаны енгізу кем дегенде 3 айға созылады.

12. Мұнайлы ауданында «Жамалбек» ЖШС құрама жем зауытының құрылысы (жобаның құны – 438,7 млн. теңге, 30 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 3-тоқсанда жоспарланған)

Ағымдағы жағдай: құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, құрама жем зауытының жабдықтары келді, жабдықтарды құрастыру және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, жобаның өзін жүзеге асыру үшін БЖК-2020 бағдарламасы бойынша инфрақұрылым жүргізу қажет. Инфрақұрылымды жүргізу үшін конкурстық рәсімдері сәуір-мамыр айларында басталады.

13. Франция «Тоталь Е энд П Дунга Гмбх» теңіз/қабаттық суын дайындау және айдау жүйесі (Жобаның құны — 8 620 млн. теңге, 4 жұмыс орны, іске қосу күні 2020 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бірнеше кемшіліктерді және атап айтқанда бетонның (еденнің) құйылуын байқады. Қазіргі уақытта компания барлық кемшіліктерді жойды, алайда эпидемияға және карантинге байланысты сараптама белгісіз мерзімге ауыстырылды.

14. «Phystech II» АҚ Солтүстік Қаражанбас кен орнында тауарлық мұнайды тасымалдау үшін мұнай құбырын салу (жобаның құны-2 450 млн. теңге, 2 жұмыс орны, іске қосу күні 2020 жылдың 2-жарты жылдығына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Алайда компания елдегі карантинге және эпидемияға байланысты жобаны іске асыруды уақытша тоқтатты, себебі «КазТурбоРемонт» ЖШС жұмысын орындайтын мердігерлік ұйым Атырау қ.филиалы карантин аяқталғанға дейін

қызметкерлер мен құрылыс жүгін тасымалдау мүмкін болмауына байланысты өз қызметін тоқтатты.

15. «Phystech II» ақ топтық құрама қондырғысын жаңғырту (жобаның құны – 172 млн. теңге, 4 жұмыс орны, іске қосу күні 2020 жылдың 2-жартыжылдығына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: Бүгінгі күні объектіні іске асыру тоқтатылған, мердігер тарапынан қаржылық проблемаларға байланысты, осы кезеңде Тапсырыс беруші мен мердігер одан әрі ынтымақтастық туралы мәселелерді шешуде, осыған байланысты жобаны енгізу ұзаққа созылуда.

16. Түпқараған ауданында «Ақтау-Агро» ЖШС құс фабрикасының құрылысы (жобаның құны – 1 300 млн. теңге, 91 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсан);

Ағымдағы жағдай: бүгінгі күні ҚМЖ жалғасуда жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау және өңдеу жұмыстары жұргізілуде, қазіргі уақытта Ираннан жабдықтар келіп, жабдықтарды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, жобаның өзін жүзеге асыру үшін БЖК-2020 бағдарламасы бойынша инфрақұрылым жүргізу қажет. Жұмыстар 2020 жылдың маусым айында аяқталады деп күтілуде.

17. ҚР жағы: «Kazakhstan Water Solution Company» ЖШС, серіктес жағы: CITIC Envirotech Ltd. Қытай (жобаның құны – 21 400 млн. теңге, 40 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 4 тоқсаны);

Ағымдағы жағдай: қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары жалғасуда, іргетасты қалау, бағаналар мен металл құрылымдары салынуда, сонымен қатар қосымша цехтар құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, мамыр айларында Қытайдан келетін жабдықтар күтілуде.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ