ӨҢІРДІ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР
Бүгінгі күні короновирустық инфекция және пневмониямен ауырғандардың саны өсуіне байланысты өңірде дәрі-дәрмекке сұраныс өсті. Бұл туралы облыстық жедел-штабтың отырысында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлімдеді.
Өңірге дәрі-дәрмектің 80 пайызын жеткізуді «Инкар», «Эмити», «Медсервисплюс» және «АДА Фарм» компаниялары жүзеге асырады.Бөлшек саудамен 400-ге жуық дәріхана айналысады.Дәрі-дәрмектерді шектеулі көлемде жеткізу орташа есеппен аптасына 3 рет жүзеге асырылады.
Шілде айының 1-нен 20-ы аралығында аймаққа мынадай дәрі-дәрмекжеткізілді деді, Бақытжан Қашақов:антикоагулянттар – 143 мыңнан астам, антибиотиктер – 593 мыңнан астам, қызу түсіретін дәрі – 785 мыңнан астам және вирусқа қарсы дәрі – 238 мыңнан астам.
Одан бөлек, өңірге Ресейдің Астрахань облысынан дәрі-дәрмектерді сатып алу және дер кезінде автокөлікпен жеткізу бойынша шаралар қабылдануда, ол үшін Ақтау қаласы әкімдігінің қызметкері іс-сапарға жіберілді.
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША
23-27 шілде аралығында 53,5 тонна дәрі-дәрмекті жеткізу күтілуде. Ол үшін әкімдік тарапынан қажетті фура және газель автөкөліктері бөлінетін болады ( 4 фура және 1 газель).
Бүгін «Инкар» компаниясы 20 тоннадәрі-дәрмекті жеткізеді және «Медсервисплюс» компаниясының 1,5 тонна дәрі-дәрмегін жеткізуге әуе көлігін қарастырамыз — деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.
Осыған дейінде, яғни 17-18 шілде күндері әкімдік Үндістан мемлекетінен әкелінген дәрі-дәрмектерді жеткізуге 2 ұшақбөлген еді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Абишеваның» дәрі-дәрмегін жеткізу үшін самолет жіберу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ол жеке кәсіпкердің дәрі-дәрмек көлемі рәсімделуде, дәрілік заттардың тізімі және көлемі нақтылануда, жоспарланған жеткізу күні — 27.07.2020ж.
Сонымен бірге, Алматы қаласынан Ақтау қаласына жеткізуге32 тоннаны құрайтын 2 фура дәрі-дәрмектер жолға шықты және Астрахань мен Краснодардан 1 фура дәрі-дәрмек қалыптастырылуда.
Одан басқа Астрахань облысынан демеушілердің көмегі есебінен 1 газель автокөлігімен дәрі-дәрмек жеткізілетін болады.
ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША:
Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сату, сондай-ақ бөлшек сауда бағаларының өсу фактілері бойынша 164 өтініш түсті(DARI.KZ-12 қосымшасы-12, әлеуметтік желілер – 6, телефонжәне ватсап арқылы – 89).
Одан бөлек, мемлекеттік органдардың мониторингі бойынша – 57 шағым түсті. Жинақталған материалдар шара алу үшін тиісті органдарға жолданды.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде 26 хаттама толтырылды, оның ішінде:17-дәрі-дәрмек бағасының заңсыз өсуі, 3-фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысуы, 1-лицензиялау нормасын бұзуы. 5 материал әкімшілік сотқа жолданды.
МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ