Өңірге марапат жауған күн

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған форумға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер, этномәдени бірлестік өкілдері, ҮЕҰ белсенділері қатысты. Шараның мақсаты — азаматтардың бойында тәуелсіздік атрибуттарына мақтаныш пен патриотизмді қалыптастыру.

Форум басталар алдында жастар Ақтау әскери гарнизонымен бірлесіп флэш-моб өткізді. Әскери қызметкерлер мен жастар қолдарына мемлекеттік рәміздерді ұстап тұрып «Менің елім — Қазақстан», «Люблю тебя, мой Казахстан!» деп ұрандатып, одан кейін Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Форум аясында патриоттарды мара- паттау рәсімі болды. Шарада сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева:

— Бүгінгі айтулы мерекемен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын! Көк туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз біздің тәуелсіздігіміздің тірегі деп білемін. Бүгін марапатталып жатқандардың барлығы қазақ елінің өсіп-өркендеуі жолын- да өздерінің үлесін қосқандар. Біз олармен мақтанамыз. Елді сүю, жерді сүю — нағыз патриоттық, — деді.

Шара аясында әр сала бойынша жетістікке жеткен жандар Маңғыстау облысының әкімі аты- нан арнайы алғыс хат алды. Солардың ішінде жол-патрульдік қызметінің капитаны Нұрболат Көшкінбаев пен сержант Ғани Икрамов бар. Айта кетсек, қос батыр 2014 жылғы 18 ақпанда таңғы сағат бесте өз борышын атқара жүріп, от апатынан әйел адам мен оның кәмелетке толмаған қызын құтқарып қалған болатын.

Спорт саласы бойынша алғыс хатты Наталья Горохова мен Асхат Юсупов алды. Наталья Горохова — Армения Республикасының Ереван қаласында нашар еститіндер арасында шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ал Асхат Юсупов — Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша спорт шебері. 2014 жылы Оңтүстік Корея Республикасындағы Инчхон қаласында Азия пара- ойындарына (мүмкіндігі шектеулі жандар арасын- да 1500 метрге жүгіру) қатысып, 42 мемлекеттік ішінде 6 орынды иеленді. Мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан және волейболдан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі. 2013 жылдың 30 мамыр мен 2 маусым аралығында Италия мемлекетінің Гроссета қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетикадан 400 метр және 800 метр қашықтыққа жүгіру сайысын- да жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Мәдениет саласы бойынша Серік Сариев марапатталды. Серік Мұхамбедкәрімұлы — «Жорға» би мектебінің негізін қалаушы. Бүгінгі таңда өзінің би мектебінде 400-ден астам балалар мен жасөспірімдер бимен шұғылданады. Маңғыстау облысы өнер колледжінің педагогы. Сондай-ақ, түрлі қалалық, облыстық және республикалық концерттердің қоюшы-режиссері. «Жорға» би ұжымы бірнеше рет халықаралық байқауларға қатысып, гран-при иеленген.

Құқық қорғау органдары саласынан Серік Әділов пен Мұратбек Қамбетов марапатталды. Серік Бірмағамбетұлы Маңғыстау облыстық Прокуратурасында 2008 жылдан бері қызмет етеді. Қызметтік тапсырманы орындауда табандылық, жауаптылық таныта біледі. Мұратбек Зиябекұлы Ұлттық Қауіпсіздік органдарында 1987 жылдан бері әскери қызметін өтеп келеді. 2010 жылдан бастап ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарады.

Марапатталып, алғыс алғандардың ішінде төтеншеліктер де бар. Олар — Манас Багитов пен Мұқағали Ражабов. Манас Машрықұлы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі ММ Ақтау қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөлігінің жүргізу жөніндегі аға нұсқаушысы қызметін атқарады. Осы сала бойын- ша 15 жыл қызмет атқарып келеді. Тапсырманы орындауда тәжірибесі мол. Өрт кезінде ұқыпты жұмыс жасап, төзімділік көрсете біледі. Кез келген уақытта көмекке дайын тұрады. Ұжымның спорттық және қоғамдық өміріне белсенді ара- ласады. Мұқағали Исатайұлы — Ақтау қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі. Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, Ақтау әскери гарнизоны 6656 әскери бөлімі оркестрінің әскери дерижері Наиль Валиев та марапатталды. Наиль Ягфязович әскери қызметте 11 жылдан бері борышын өтеп келеді. Жауынгерлік дайындық, дене шынықтыру және мемлекеттік құқықтық дайындығының үздігі, ме- кеме жұмыстарының алға ілгерілеуіне өз үлесін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Форум барысында ҮЕҰ өкілдері де назардан тыс қалмады. «Мы люди — Мы вместе» қоғамдық қорының директоры Иманғазы Досмұханбетов те облыс әкімі атынан арнайы алғыс хат алды. Иманғазы Досмұханбетов 9 жыл бойы қайырымдылық іс- шаралар ұйымдастырумен ай- налысып келеді. 150-ден астам қайырымдылық акциялары бар, сондай-ақ, қазіргі таңда 5 аз қамтылған отбасыға қол ұшын береді. Ұйым атынан мыңдаған балаларға қамқорлық көмек көрсетілген.

Салтанатты шара аясында ҚХА кеңесінің шешімімен ұлттық бірлікті насихаттап жүрген этномәдени бірлестік мүшелері де марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі Түпқараған ауданының мәслихат хатшысы Айкүміс Досанова мен Маңғыстау экономикалық лицейі директорының орынбасары Людмила Рябоваға берілді. Ал ҚР Президенті, ҚХА төрағасы Н.Назарбаев атындағы алғыс хатты «Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС дирек- торы Олег Мун, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Эмиддин Ханукаев, «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің өкілі Зарина Авсиевич пен «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігінің өкілі Базарбай Ханназаров алды. Ұлтаралық достық пен татулықты насихаттауда ҚХА төрағасының орынбасары Е.Тоғжановтың алғыс хаты «МАЭК-Казатомпром» қызметкерлері Артур Ягудин мен Андрей Левченкоға берілді. Форум соңы жергі- лікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

«Мерейлі отбасы» мәреге жетті

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы — өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған шара. Байқау жылдың басында жарияланып, Отбасы күніне орай қорытындыланады. Ел мерейін асқақтатар ұлттық жоба Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізіліп отырған биылғы өңірлік байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан мұнай-газ, энергетика, білім, ауылшаруашылық, өнер салаларынан құралған 22 отбасы өтінімдерін беріп, ақтық сынға 6 отбасы өтті. Жоба барысында І орынды Құрмашевтар отбасы иеленді. Отағасы Құрмашев Алдаберген — Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. Алдаберген аға 48 жыл ұстаздық еткен. Білім беру саласында еңбегі еленіп, көптеген марапаттарға ие болған. Алдаберген ағамыз бен Сәния апамыз 7 баласынан 19 немере және 24 шөбере сүйіп отыр. Алдаберген ағамыздан тәлім алған шәкірттері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жетістіктерге жетіп жүр.

— Байқау — бүкіл еліміз үшін және жас ұрпақты тәрбиелеу үшін үлкен тағылым. Келер ұрпақ үшін үлкен бағыттар. Біздің келер ұрпақты ел сыйлайтындай етіп тәрбиелеу керек. Бұл әрбір адамның негізгі парызы деп білемін. Адамгершілік, ынтымақ, ауыз- біршілік бар жерде шаңырақ шайқалмайды. Міне, отбасы құндылығы дегеніміз осы, — дейді ардагер ұстаз Алдаберген Құрмашев.

 Ал ІІ орынды ауылшаруашылық саласының майталманы Қалпақ Наурызмағанбетовтың от- басы алды. Отағасы Қалпақ Наурызмағанбетов Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институ- тын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. Қарақия ауданының «Құрметті азаматы», Маңғыстау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған. Елбасы жарлығымен 1998 жылы «Астана — 10 жыл» медалімен, 2011 жылы «Құрмет» орденімен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын сапа» белгісімен марапатталған. Қалпақ Наурызмағанбетов адай жылқысы мен қаракөл қойын өсірумен айналысады. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2006 жылы Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласының негізі қаланғанына 160 жыл толуына орай өткізілген «Киіз үй» шеберлерінің байқауында отанасы Қылышбаева Шархаттың шеберлігінің нәтижесінде қазақи дәстүрлі, ою-өрнекті сақтай тоқылған бау-басқұрлы, ақ шаңқан киіз үйі І орынға ие болды. Қалпақ аға мен Шархат апа 3 ұл, 3 қыздан 21 немере сүйіп отыр.

— Өзім екі ағайындымын. Мал шаруашылығымен ай- налысамын. Менің басты байлығым отбасым десем болады. Балаларым мен неме- релеріме үнемі еңбектену керектігін айтып отырамын. Себебі береке мен бірлік еңбек бар жерге келеді, — дейді Қ.Наурызмағанбетов.

ІІІ орынды 4 отбасы алды. Солардың бірі — түпқарағандық Бекбосыновтар жанұясы. Бекбосынов Нұрғожа мен Құлынтаева Үзілхан апа 13 бала тәрбиелеп, өсірген үлкен шаңырақ. Балаларының барлығы жоғары білімді, бүгінде бір-бір мамандық ие- лері. Көпке үлгі тұтар, ауыл-аймаққа белгілі, өзіндік отбасылық қағидаттары бар, ұлттық салт-дәстүрмен әдет-ғұрыптарды ұстанған отбасы. Отағасы Нұрғожа Бекбосынов ауыл шаруашылығы саласында еңбегі үшін облыс, министрліктің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ал жолдасы — «Алтын алқа» алған батыр ана.

ІІІ орынға жайғасқан әулеттің тағы бірі — жаңаөзендік Кемалиевтер отбасы. Нұрберген Кемалиев 1957 жылы Қызылорда педагогикалық институтын математика-физика мамандығы бой- ынша бітірген. Еңбек жолын Үштаған ауылы «Ленин» орта мектебінде оқытушы болып бастап, 1963 жылы Қызылсай ауылына қоныс аударып, №4 орта мектепте ұстаздық қызметті жалғастырып, 2005 жылы зейнетке шыққан. 1974 жылы оқу ағарту ісінің үздігі, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, қалалық совет депутаты, көптеген алғыс хат, арнайы төсбелгілермен марапатталған. Жол- дасы Ермек Өмірбердиева мал шаруашылығымен айналысқан. Қолөнер шебері, республика деңгейінде киіз үй жабдығы бойынша көрмелерге қатысып, арнайы дипломдармен марапатталған. Көп балалы ана, алтын алқа иегері. 2016 жылы 18 ақпанда өмірден өткен. Нұрберген Кемалиев 2 ұл, 5 қызынан 12 немере, 12 жиен, 4 шөбере сүйіп отыр.

Турсынгали Кошенов жануясы

ІІІ орын алғандардың тағы бірі — қарақиялық Көшеновтер шаңырағы. Отағасы Тұрсынғали Көшенұлы Қарақия ауданының Құрметті азама- ты, ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы, Еңбек ардагері. В.И.Ленин 100 жылдығы, 1920- 1970 ж.ж. ҚР 50 жылдығы, ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл, Қазақстан мұнайына 100 жыл, т.б. медаль- дармен және алғыс хаттармен марапатталған. Жұбайы Қаншайым Жүсіпқызы үй шаруасында. Тұрсынғали аға мен Қаншайым апа 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген. ІІІ орынға жайғасқан тағы бір отбасы — бейне- улік Машырықовтар жанұясы. Отағасы Оңайбай Машырықов 69 жаста, зейнеткер, ардагер ұстаз. 1975 жылы ЦК ЛКСМ ҚазССР «Құрмет грамотасымен», 2001 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2002 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2004 жылы БКИ директоры М.Горбуновтың «Алғысымен», 2005 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, 2007 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хаты», 2009 жылы Ш.Есенов атындағы КМТжИУ «Алғыс хатымен», 2010 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасы», Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», «Маңғыстау облысына 40 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Жолдасы Қарлығаш Жексенғалиева — «Алтын алқа» иегері. Оңайбай аға мен Қарлығаш апа 5 қыз, 2 ұл тәрбиелеген.

Шара нәтижесі бойынша республикалық байқауға жолдаманы Құрмашевтар жанұясы мен Наурызмағанбетовтар әулеті алды. Енді аталған екі отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады. Тағылымды шарада барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, халықты тәнті етті.

Айман ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ