Өңірімізде 11 мың жұмыс орны құрылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда өңірімізде 11 мың жұмыс орны құрылды. Ал негізгі жоспар 10 мың тұрғынды қамтитын жаңа 100 жұмыс орнын ашу. Биыл Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 65 350 адам тартылып, жоспар жыл басынан бері 132 пайызға орындалып отыр.
Аймақ бойынша есепті кезеңде 27 955 азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, 40 615 адам ақылы жұмыстарға орналастырылған. Атап өтерлігі, қазіргі таңда облысымыздағы жұмыс күші – 529,8 мың адамды құрайды. Соның ішінде 503,6 мың адам жұмыспен қамтылып, 334,5 азамат жалдамалы жұмысшы боп қызмет етеді. Сондай-ақ 169 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатында.
✅Жастар практикасы аясында 405 маман (87,9%) тұрақты жұмысқа қол жеткізген. Қайтарымсыз гранттар алғандардың саны — 2158 адам. Айта кетейік, грант беру қаржыландыру жоспарына сай орындалуда.
Халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, бұл күні жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі