Онлайн жәрмеңке

🔰Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Ертең, 22 қыркүйек күні сағат 16:00-де Тараз қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Онлайн жәрмеңке» өткізіледі.
🔹«Онлайн жәрмеңке»-де әлеуметтік сала, спорт, тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары, жер және сәулет, қала құрылысы салаларындағы мәселелер қамтылады.

 

 

Тараз қаласының әкімдігі