Оңтүстік Қазақстанда ет экспорттау әлеуеті артуда

Уақыт өткен сайын Оңтүстік Қазақстан облысының сапалы ет экспорттау әлеуеті артып келеді. Осы жылдың сегіз айында өңірден 330 тоннадан астам ірі қара мал мен қой еті және «Ордабасы құс» серіктестігі 2485 тонна күрке тауық етін алыс-жақын шетелдерге экспорттаған. Жалпы аймақта биылғы жылдың он айында 173,2 мың тонна ет өндірілген.

Өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша Иранда жүгері мен қой етін тасымалдау мәс

елесі бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатса, бүгінде Сауд Арабия, БАӘ мен Ирак мемлекеттеріне қой етін экспорттау бойынша алдын-ала келісімдер бар.

Өткен жылы облыстан 6 700 бас ұсақ мал, 400 бас ірі қара мал мен 200-ге тарта жылқы еті экспортталды. Оның ішінде «Қайып Ата» серіктестігі Біріккен Араб Әмірлігінің MYCo Trading FZE компаниясымен бірлесе отырып 2000 бас қойды Фуджейра қаласына жеткізген. Сонымен қатар, жылына 3 мың тонна қой етін экспорттау бойынша Ирандық GO HARD TALAYI PASARGAD компаниясымен келісім-шарт түзілген.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында ірі қара малдың саны өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға артып, 925,6 мың басты, оның ішінде қой мен ешкі 4 миллион 092 мың басты, жылқы 285 мың басты, түйе 25,5 мың басты, ал құс саны 2,5 миллион басты құраған.

Р. БАЛАБИ.