Оңтүстік латын әліпбиін қолдап жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында латын әліпбиінің артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Білікті мамандардың үгіт-насихатынан кейін мекеме қызметкерлері мен оқушылары латын әліпбиінің жарқын болашақтың кілті екенін ұғынуда.
Мысалы, Абай атындағы жалпы орта мектебінде Бөген ауылдық округі жастарымен кездескен топ өз мақсаттарына жетті. Онда әлем әліпбиіне айналған аталмыш әріптермен ғылыми дүниелердің жазылғаны түсіндірілді. Бұл әліпбидің түркі халықтарының арасындағы көпір екендігі туралы нақты дәлелдер келтірілді.
Мұнда тек үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп қана қоймай, жастардың өзіндік пікірлері де тыңдалды. Көтерілген мәселесе талқыға түсті. Нәтижесінде ауыл жастарының барлығының да латын әліпбиін қолдайтыны белгілі болды.
Аталмыш аудандағы Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінде де жиын өтті. Басқосуда латын әліпбиіне көшуге байланысты «Қазақ тілінің реформасы» тақырыбында баяндама оқылды. Кездесуде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Сұрынбаев өз ойын айты. Латын әліпбиінің дамудың жаңа сатысы екенін жеткізді. Оны қостаған ұжымның кейбір мүшелері де мінберде өз пікірлерін білдірді.
Сонымен бірге, латын әліпбиі мәселесіне қатысты жиын Боралдай ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасында ұласты.
С.БАЙБОСЫНОВ.