Оңтүстікте кооператив көбейді

Үстіміздегі жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековке кооператив құруды жылдамдатуды тапсырған болатын. Өңір басшысы Ж.Қансейітұлының ерекшелігі өз тапсырмасының нәтижесін әр тоқсанда сұрап отырады. Сондықтан болса керек, жергілікті ауыл шаруашылығы  саласының мамандары бұл істі насихаттауға жұмыла кірісті. Оның пайдасы мен бірігу жолдарын шаруаларға ерінбей түсіндірді. Шаруаларды біріккен кооперативтерге апарып, нәтижелерін көрсетті. Одан өзге де бірнеше іс-шаралар өткізді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі де көңіл көншітерлік. «Бірлік бар жерде тірлік бар» екенін ұққан көптеген шаруа қожалықтары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды». Есесіне техникалары көбейіп, мүмкіндіктері артты. Бірінде жоқ техника екіншісінің дүниесімен толықты. Сол себептен шаруаларда игі бастама үшін дән разы. Міне, сондай кооперативтер саны бүгінгі таңда 158-ге жетті. Бұл республика бойынша үздік көрсеткіш.

Бұл жөнінде жуырда журналистермен кездескен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков айтты.

Басқарма басшысы ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің өнімін өндіргенін де жеткізді. Оның 172 млрд теңгесі мал шаруашылығына, ал 203,5 млрд теңгесі егін шаруашылығына тиесілі екен.

                                                                                       Т.БОРАЛДАЙ.