Оңтүстікте жер телімінің сәйкестендіру құжаты бойынша біршама жұмыс атқарылды

ОҚО-да халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша ағымдағы жылы облыстық жер кадастры жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті  бірқатар ауқымды жұмыстар атқарған.

Облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Данабек Исабеков мәлімдеуінше, Мысалы, осы жылдың 10 айында жер теліміне жалпы 50 мыңнан астам сәйкестендіру құжаты және жылжымайтын мүлік нысандарына 25 мыңға жуық техникалық төлқұжат әзірленгені туралы туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады.

Данабек Ержанұлының айтуынша, «Ең үлкен сұранысқа ие қызмет түрлері — жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын және жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық төлқұжатын дайындау болып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерге құжаттарды қабылдау және беру Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады. департамент 14 мемлекеттік және 30-дан астам коммерциялық қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда, жер теліміне жеке меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу, сондай-ақ жер телімінің кадастрлық құнын анықтау сынды қызмет түрлерін көрсетіп келеді.», — дейді.

 Конференциясында департамент басшысы мекеме қызметкерлері тарапынан дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда департаменттің барлық бөлімшелерінде шағым-ұсыныс жәшіктері орналастырылғанын және туындаған мәселелер мен арыз-шағымдарды тікелей ұялы телефонмен немесе «whatsApp» желісі арқылы  хабарласуға болатынын  жеткізді.

 Облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қазығұрт аудандық бөлімшесі биылғы жылдың наурыз айынан пилоттық жобаны іске қосып, оны іске асыру мақсатында жұмысшы тобы құрылып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметінің көрсетілу сапасы бақылауда ұстамақ.

Ерлан. Сабыржанов