ОНЫҢ ӨМІРІ БІЗДІКІНЕН БАСҚАША…

Мари – 1930 жылы маскүнем бір әйелдің некесіз туған баласы. Анасы оны өсіре алмайтын болғаны үшін 5 жастағы Мариді жетімдер үйіне тапсырады. Сол жерде бір ерлі зайыпты Мариді асырап алады. Бұл кезде де Маридің өмірі өткеннен де қиындай түседі, себебі оны асырап алғандар садист болып шығады. Италяндық ерлі зайыпты кішкентай қызды үйінің бір бөлмесіне қамап, оған зорлық-зомбылық көрсетеді. Ерлі зайыпты сырт көзге сыпайы көрінгендері үшін бұл зорлықты жылдар бойынша сақтай алды, ал Мари болса ол жылдар тозақта секілді өмір сүрді.

Мари Роуз, 17 жасында дипрессиядан инсульт алады. Галлюицинация көргені үшін дәрігерлер оған шизофрения диагнозын қойып, жындыханаға жібереді. Мари 17 жылын сол жындыханада өткізеді. Сол жылдары оның үшін өте қиын жылдар болатын. Үмітсіздік және шарасыздық оны тұңғиыққа алып кеткендей еді. Тамақ жемейді, жатқан жерінен тұрмайды және жиі өзін өлтіруге тырысатын.

34 жасқа келгенде дәрігерлер Маридің жағдайын тағы бір рет тексереді. Оның шизофрения еместігін, ауыр дипрессияға ұшырағанын және кей кездері сүдіргі беретінін айтты. Достарының және жақын дос дәрігерлерінің көмегімен Мари ауруханадан шықты.
Ол енді өз өмірін қалай сүретініне шешім қабылдай алатын жағдайда еді. Тастанды, зорлық-зомбылықты көрген, 34 жыл бойынша өміріне обал болған Мари үшін бұдан кейінгі өмірі үшін шешім қабылдау оңай еместін. Бірақ ол берілмеді, ашулы, қапалы, үмітсіз болудың орнына барлық нәрсені басынан бастауға шешім қабылдады.

Кейбіреулер «Ақылы жерінде еместігін, оқу оқуы мүмкін еместігін» айтса да Мари Salem State Университетінде Психиятрия мамандығына кіріп, оқуын сәтті бітірді. Сол арада рак ауруына шалдығады, бірақ оны да жеңеді. Өзі секілді жындыханадан сауығып шыққан Жойе мен үйленеді. Өкінішке орай күйеуі 6 жылдан кейін қайтыс болады, Мари болса сол уақыттан кейін жұмысқа беріледі.

Ұзын жылдар бойынша дәрігер болып жұмыс істегеннен кейін Harvard Üniversitesiтетінде магистратура оқиды. Психикалық ауытқуы болған адамдармен жұмыс істейді, конференциялар жасайды. Автобиографиясы жазылады, өмірі кино болады (Nobody’s Child). Бірнеше марапаттармен марапатталады.

58 жасында «мәссаған» дейтіндей адамдарды таң қалдырады: 17 жыл өмірі өткен Masachusetts Danver Мемлекеттік Жындыханаға директор ретінде орналасады. Журналисттермен өткен бір сұқбатында: «Егер кешіруді үйренбегенімде, бір тамшы болса да жетіле алмайтын едім. Өміріме обал болатын еді. Және осы жындыханаға директор ретінде келе алмайтын едім».

Мари Роуз Валтердің жаңа жұмысын хабарлап жаңалықтарға жазған бір журналист оның бұл жеңісін былай сипаттайды: «Өміріміздегі ең ұзын жол миымыздан жүрегімізге жасаған жолымыз. Кешіру осы жолды қысқартады. Кешіруіміз керек болған әрбір жара, бізге бір сабақ береді. Сабақты көру алу үшін сол жараның бетін қайтадан аша алуымыз қажет… »

Мари мына өмірде барлық нәрсенің мүмкін екенін көрсете білген ең әдемі үлгі!

Аударган: https://www.facebook.com/bazarbayevalazzat