ОҚУШЫЛАР ҰШАҚ ҰШЫРУДА

Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында «Өнерліге өріс кең» апталығы аясында ашық сабақ өтті.
Сабақты ұйымдастырған «Әуе үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Қайрат Отарбаев. «Ұшыру дағдысын меңгеру» тақырыбындағы сабақтың мақсаты: оқушыларға ұшақтың түрлерімен және олардың қалай жасалатынымен таныстыру. Сонымен қатар балаларды техникалық шығармашылыққа баулу болып табылады. Сабақ барысында ұшақтардың жасалу әдісі көрсетіліп, әрқайсысының ерекшелігі аталып өтілді.
Ең маңыздысы оқушылар техникалық қауіпсіздік ережелерімен де танысты. Қатысушылар практикалық тұрғыда да білімдерін ұштап, әуе модельдерінің сан түрін өз көздерімен көрді. Оларды әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет еткен ұшақтар техникасы мен түрлері қызықтыра түсті. Сабақ соңында олар жаңа тақырып жайында өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.