ОҚЫҢЫЗ!!! ҚЫЗЫҚ ОҚИҒА!!!
Бір адам таңғы намазды мешітте оқу үшін ұйқысынан ерте оянды. Ол дәретін алып, киініп, мешітке жол алды. Бірақ жолда ол сүрініп, киімін былғап алды. Ол киіміндегі лайды қағып, үйіне оралды. Сосын дәрет алып, киімін ауыстырып, қайтадан мешітке бағыт алды.
Бірақ дәл баяғы жерге келгенде ол тағы да құлап қалды. Сосын киім ауыстырып, тазалану үшін тағы да үйіне барды.
Мешітке бара жатқан жолда ол шам ұстаған бір кісіні кездестірді. Ол кісіден неге жүргенін сұрағанда, ол былай деп жауап берді:
— Мен сенің жолда қалайша екі рет құлап қалғаныңды көрдім. Сондықтан жолыңды жарық етейін деп шам алып келдім.
Адам оған рақметін айтты да, екеуі мешітке бет алды. Азан шақырылғанда, өзіне жақсылық жасаған кісіні бірге намаз оқуға шақырды. Бірақ әлгі кісі келіспеді. Адам оны бірнеше рет шақырды, бірақ ол кісі айтқанынан қайтпай тұрып алды. Адам оған «Неге намаз оқығың келмейді?!» деген сұрақ қойғанда, әлгі:
— Мен — Шайтанмын, — деп жауап берді.
Адам қатты таңғалды да:
— Онда неге маған көмектестің?! — деп сұрады.
— Сені екі ретінде де мен сүріндірдім. Бірінші рет сүрініп, үйіңе дәрет алып, тазаланып қайтқаныңда, Алла сенің барлық күнәларыңды кешірді. Сонда мен сені тағы да сүріндірдім. Бірақ бұл да сені тоқтата алған жоқ. Және сен тағы да мешітке бағыт алдың. Сол кезде Алла сенің отбасыңның бар күнәсін кешірді. Егер сен тағы бір рет құлап қалсаң, Алла сенің бүкіл ауылыңның күнәсін кешіріп жібере ме деп қорықтым. Сондықтанда сені мешітке аман-есен жетіп алуыңды қадағаладым, — деп жауап берді Шайтан.

Алланың мейірімі шексіз! Ол тәубесіне келген кез-келген адамның күнәсін кешіреді!