Оралдағы тұрғын үйде өрт қауіпсіздігіне арналған мурал салынды
Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қаупі факторларының алдын алуға бағытталған түрлі профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыруда.
Департаменттің баспасөз қызметі мәлімдегендей, тілсіз жаудың алдын алудың заманауи түрлерінің бірі – ғимарат қабырғасына сурет салу. Ағымдағы жылы облыс орталығы – Орал қаласы әкімдігімен бірлесіп, тұрғын үйлердің біріне өртке қарсы тақырыпта сурет салу туралы шешім қабылданған. «Біздің биік үйдің қабырғасына мурал салу мотивіміз – халыққа отты қауіпсіз пайдалану ережелері туралы еске салудың жақсы мүмкіндігі. Сәйкесінше, қала орталығында орналасқан үйді таңдап, тұрғындардың көзіне түсетін жарқын, әсерлі, бейнелі сурет олардың назарын аударып қана қоймай, отты қауіпсіз пайдалану ережелерін, балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығын еске салатындай мүмкіндікті пайдаландық, – дейді төтеншеліктер.
Бұл жұмысты Орал қаласының суретшісі Дарья Полищук жүргізген.
Ләззат ҚАЖЫМОВА
БҚО Орал қаласы