Ораза айт құтты болсын!

Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін ең қадірлі саналатын Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ізгілік пен мейірімнің ұлық мерекесі әр отбасыға бақ-береке алып келсін!
Айлардың сұлтаны – Рамазан айы мәресіне жетіп, Ораза айт мерекесімен тағы да қауышып отырмыз!
Бұл күндері өткен өкпе-наз ұмытылып, бауырмашылдық пен қайырымдылық секілді игі қасиеттер арта түседі.
Қадірлі ағайын!
Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз, құлшылық-ғибадаттарыңыз, қайырлы амалдарыңыз қабыл болғай!
Әр отбасы шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін!
Іргеміз бүтін, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын!
Ораза айт құтты болсын!
 Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының  әкімі