Ораза айындағы қайырымды іс

Туған жерге туыңды тік!

Жамбылдық кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуда

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласы бүгінде халықтан кең қолдау тауып, аудан орталықтары мен ауылды жерлерде игі шаралардың өтуіне сеп болуда. Мақалада негізгі алты бағыт қамтылып, туған жердің тарихын білуге, туған жерге ту тігуге үндейтін кесек ойлар айтылған. Жалпы, болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың маңызы күн санап артып, ел үшін, жер үшін негізгі темірқазыққа айналды.

    Осы орайда,  бағдарлама аясында Жамбыл жерінде де игі істер атқарылуда. Соның бір көрінісі ретінде жуалылық кәсіпкер, «Бурное Солар» күн станциясының бас директоры Нұрлан Капеновның  көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлағанын айрықша айтса болады.

Жалпы аталмыш елді мекенде  бұған дейін «Байыржан Момышұлы» қайырымдылық қоғамдық қоры жұмысп жсап тұрған-ды. Міне, кәсіпкер осы қорға қоғамты қаржы аударып, өз есебінен Бауырдан Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып беріп отыр.

Ал қоныстойдың иесі 6 қыздың анасы Қалипа Еділбаева. Баспаналы болған көпбалалы отбасының   қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков және  аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев келді.
Кәсіпкер  Нұрлан Нұрғалиұлы, аудан басшыларымен бірге отанасы Қалипа Еділбаеваға екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, шаңырағына шаттық, босағасына бақыт  тіледі.
Қуаныштан көзіне жас алған Қалипа ана жомарт жүректі кәсіпкерге алғысын білдірді.

Иә, «Қолы ашықтың жолы ашық» дейді дана қазақ. Жуырда  Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Дәулеталды Жанбаев та  жеті баланың анасы Гүлсана Қалиеваға Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Жалғызбасты ана бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.

– Үнемі балаларым өз үйіміз болса деп армандаушы еді. Бүгін сол балаларымның арманы орындалды. Рамазан айында бізге осындай қамқорлық көрсеткен атымтай жомарт Жанбаев мырзаға алғысым шексіз. Сыйға тартқан үш бөлмелі пәтер қаланың дәл ортасында орналасқан. Іші кең әрі жарық екен, — деген Г. Қалиева барша облыс және аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Көп балалы анаға қуаныш сыйлаған «Алтын-Орда 2006» ЖШС-і директоры Дәулеталды Дәуітбайұлы бұған дейін де аудан, облыс көлеміндегі қамқорлық шараларынан тыс қалған емес.

– Адамға жақсылық жасау парыз ғой. Бүгінгі балалардың жүздеріндегі қуанышты көріп, бойымды ерекше сезім биледі. Үйлі болған Гүлсана қарындасымның балалары енді еш алаңсыз құтты шаңырақтарында өсіп-жетілсін. Елбасы Н. Назарбаев, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев көпбалалы аналардың жағдайын ойлап, қолдан келген барлық жақсылықтарды жасауға жағдай жасап жатыр. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов те аймақта әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатуға бар күш-жігерін жұмсауда. Сондықтан балаларымыз азамат деген атқа лайық болып өссін. Ел тірегіне айналсын!,-дейді «Nur Otan» партиясы Сарысу ауданды филиалы саяси кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Д.Жанбаев.

Осылайша Ораза айында жамбылдық кәсіпкерлер ел есінде қалар игі істер жасауда. Бұл сөз жоқ, сауабы мол шарапат екені даусыз.

 

Төлен Дедек