ОРАЗА ТҰТТЫҢ БА?

Бірде төрт жігіт адамдардың көзінен тасалау жерде тамақтанып отырған ақсақалды көреді. Бұл Рамазан айы болатын. Жігіттер қариядан:
— Ақсақал, сіз ораза тұтпадыңыз ба? – деп сұрайды. Ақсақал:
— Тек тамақтанып, су ішкенім болмаса, мен ораза тұттым – дейді. Жастар:
— Сіз нені меңзедіңіз? – деп, езу тартып ақсақалға күле қарады.
— Мен өсек айтпаймын, ешкімге тәкаппарлықпен қарамаймын, біреуді күлкі етпеймін, жан баласына қиянат қылмаймын, Алланы зікір етемін, біреудің дүние-мүлкіне қызғана қарамаймын… Алайда асқазаным ауыратындығы себепті, ашығуға болмайды, – деді ақсақал. Сөйтті де жастардан:
— Сендер ораза тұттыңдар ма, шырақтарым? – деп сұрады.
Төрт жігіттің үшеуі ұялған түрде үнсіз бастарын изеді. Төртінші жігіт естілеу, алғыр азамат екен:
— Жоқ, ақсақал, біздікі – құр ашығу мен шөлдеу ғана, – деп, жауап беріпті.

Манарбек Карекеновтың парақшасынан…