Оразаға байланысты хадистер

ОРАЗАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ХАДИСТЕР

Оразаны араб тiлiнде «صَوْمٌ» (соум) деп айтады. «الصَّوْمُ» (ораза) сөзiнiң тiлдiк мағынасы: тартыну, тыйылу, ал шарғи мағынасы: құлшылық ниетiмен таң атқаннан күн батқанға дейiн iшiп-жеуден, жыныс қатынастан тыйылу. Ораза һижраның екiншi жылы парыз етiлген. Үкiмi: парыз ъайн.
“Кiм Рамазан айының оразасын шын иман және ықласпен ұстаса, оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi.” ( Бухари, Муслим)
“Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкiм кiрмейдi. Қиямет күнi: “Ораза ұстағандар қайда?”, – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кiредi. Олар кiрiп болған соң ол жабылып, одан басқа ешкiм кiрмейдi.” ( Бухари, Муслим)
«Қайсы бiр пенде Алла Тағала жолында бiр күн ораза ұстаса, Алла Тағала сол күн үшiн оның жүзiн тозақ отынан жетпiс жылға ұзақ етедi.» ( Бухари, Муслим)
Рамазан келгенде жәннаттың есiгi ашылып, тозақ есiгi жабылады, шайтандар кiсенделедi.” ( Бухари, Муслим)
Сiздерден бiрiңiз ораза ұстаса жаман сөз айтпасын, дауласпасын! Оны бiреу балағаттаса немесе дауласса, ол: “Мен оразамын”, – деп айтсын.” ( Бухари, Муслим)
Кiм жалған айтудан және жалғандыққа барудан тыйылмаса, Алла Тағала оның iшпей-жемей жүргенiн қажет етпейдi.” ( Бухари)
Сәресiнi iшiңiздер, өйткенi сәресiде береке бар.” ( Бухари, Муслим)
“Бiз бен Китабилер (Таурат, Забур, Iнжiл иелерiнiң) оразаларындағы айырмашылық — сәресi iшу.” ( Муслим)
Ауыз ашуға асығудың артықшылығы
“Мен және Масрұқ (Оған Алланың сәлемі болсын) екеумiз Айшаға (Оған Алланың сәлемі болсын ) кiрдiк. Масрұқ (Оған Алланың сәлемі болсын): “Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан екi кiсi жақсы iске алаңдайды. Олардың бiрi шам намазы мен ауыз ашуға асықса, екiншiсi шам намазы мен ауыз ашуды кешiктiредi”, – деп айтқанда Айша (Оған Алланың сәлемі болсын): “Шам намазы мен ауыз ашуға асығатын кiм?” — деп сұрады. 
Абдуллаһ ибн Масьуд (Оған Алланың сәлемі болсын)  Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) де солай iстейтiн.” (Муслим)
Алла Тағала: “Құлдарымның iшiнде Мен үшiн ең сүйiктiлерi – ауыз ашуға асығатындары”, – деп айтады.” (Тирмизи)

Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы