ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

✔️Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Аудандық орталық ауруханасында 70 жасар пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды.
✔️Науқас 25 ақпан күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін жоспарлы түрде 2025 жылдың 1 наурыз күні оң жақ жамбас буынына цементпен биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Бүгінгі күнде науқастың жағдайы бірқалыпты.
✔️Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.
✔️Қазіргі таңда Ордабасы аудандық орталық ауруханасында травматологиялық көмектің барлық әдісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен тегін алуға мүмкіндік бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі