Ордабасы кәсіпкерлері тәжірибе алмасуда
Оңтүсік Қазақстан облысында түрлі саладағы тәжірибе артып келеді десекте болады. Өйткені, бұған дейін журналистердің екі тобы Түркияға барып тәжірибе жинап келсе, одан кейін ақ халаттыларымыз Оңтүстік Корея дәрігерлерімен бірігіп ағза ауыстыруды меңгерген болатын. Ал жақында өңіріміздегі Ордабасы ауданынан бірнеше кәсіпкерлер қара теңізі бар Түрік еліне біліктіліктерін арттыру үшін барды.
Түрік ағайындар өз кезегінде кәсіпкерлік саласында жетістікке жетудің төте жолдарын үйретіп, іскерліктің өзге де қырларын көрсетті. Қазақстаннан барған делегация үшін «Мал шаруашылығын экспорттау, қарқынды бауды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу тақырыбында» семинар трейнинг өткізілді. Бұл іскерлік сағаты біздің кәсіпкерлерге көптеген жаңа бағыттарды көрсетті. Нарық әлемі үнемі өнімнің сапасын арттыру мен көкөніс сұрпын түрлендіріп отыруды талап ететінін ұғындырды. Әрі әр кәсіпкер тұтынушылары көп ортаны өз өнімдерімен жаулау үшін күресу керектігі айтылды. Іскерлік сағатынан соң қазақ кәсіпкерлеріне Нигде қаласындағы «Алма-ата» фирмасының 1000 гектарлық қарқынды бауы мен мал бордақылау алаңының жұмысымен таныстырды. Кәсіпкерлеріміз баудағы көкөністер мен жеміс-жидектердің қалай егіліп, қалай суарылып, қандай тыңайтқыштар пайдаланылып жатқанын өз көздерімен көрді. Түрік еліндегі барша кәсіпкерлер бір-бірімен үнемі тәжірибе алмасып, өз кәсіптеріне тек соңғы жетістіктерді ғана қолданып отырады екен. Сондықтан бүгінде Түркия дүние жүзіне өз көкөніс пен жеміс-жидектерін экспорттаудан үшінші орынды иеленіп отыр. Әйтпесе, түрік елі әлемде жер көлемі жағынан 37 орында. Сөйте тұра, іскерліктің арқасында экономикаға жері, суы жағынан мүмкіндігі мол көптеген елдердің алдын орап кеткен. Биік жетістікке жеткен іскерлермен тәжірибе алмасқан біздің кәсіпкерлерде нарықтың нарқасқаларына айналатын шығар.
Себебі, түрік кәсіпкерлері бүгінгі күннің өзінде Ордабасы ауданындағы «Александровский сад» серіктестігінің 20 гектар бауын жетілдіруге әріптестік қолдау білдіруде.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ.