ОРДАБАСЫДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Ордабасы ауданында еңбек адамының, жұмысшы мамандық иелерінің беделін көтеру, қолдау жұмыстары жандануда.
✔️Бүгін әйелдердің халықаралық күні қарсаңында аудандағы түрлі салада қызмет етіп келе жатқан қыз-келіншектерге мерекелік кеш ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға «Темірлан абаттандыру» КММ, Таза су» МКК-нің, «Қажымұқан-Қараспан» топтық су құбыры өндірістік бөлімшесінде қызмет етіп жүрген арулар арнайы шақырылды.
✔️Мерекелік іс-шарада аудан әкімі аянбай еңбек етіп жүрген аруларды айтулы мерекелерімен құттықтап, алғысын жеткізді.
📌– Мемлекет басшысы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бойынша адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы қажет екенін баса айтқан. Мамандықтың үлкен-кішісі, маңызды-маңызсызы, жақсысы мен жаманы, жоғары-төмен дәрежелері болмайды. Жұмысшы мамандықтарының маңызын жете ұғынып, сала мамандарына үлкен құрметпен қарауымыз керек, – деген Азат Оралбаев мерекелік сый-сыйапат жасап, қарапайым еңбек адамдарына деген ерекше құрметін көрсетті.
✔️Бүгінде Ордабасы ауданының экономикалық және демографиялық дамуында әйелдер қауымының үлесі орасан. Мәселен, «Темірлан абаттандыру» КММ-де 138 жұмысшы қызмет етсе, оның 57-сі – нәзікжандылар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі