Орман өрттерін жою шаралары: ормандарды сақтау жөніндегі негізгі жұмыс ауқымы жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауында 29 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, олардың алқабы 5,7 млн. гектарды немесе мемлекеттік орман қорының жалпы көлемінің 20 % құрайды.
Облыстар әкімдіктерінің қарауында 120 орман шаруашылығы бар, оларға 22 млн. га алқап немесе 79% бекітілген.
Осыған байланысты ормандарды сақтау жөніндегі негізгі жұмыс ауқымы жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
«2016 жылғы өрт қаупі бар маусымның қорытындылары және 2017 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық жөніндегі міндеттер туралы» ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 07-1/11 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер өрт қаупі бар маусымға дайындық жұмыстарын жүргізді.
ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп 2017 жылға Қазақстан Республикасының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген, оған сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асырады.
Орман өрттерінің алдын алу мақсатында,орман орналастыру материалдары мен ормандарды өртке қарсы орналастырудың бас жоспарларына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер 6648,8 мың км (шақырым, жылдық жоспар 10702,9 км) көлемінде минералданған жолақтар мен өртке қарсы үзілімдер құру, оларға күтім жасау жұмыстарын жүргізді.
Көктемгі кезеңде мемлекеттік орман қорына іргелес аумақтарда шөптесін өсімдіктерді басқарып өртеу және шабу жүзеге асырылды.
Тексерулер орман және табиғат қорғау мекемелерінің өрт қауіпі бар маусымға дайындығының кейбір мәселелерінің бетін ашты. Негізгі себеп олардың материалдық-техникалық жарақтануының төмен деңгейі болып отырғанын көрсетті.
Республиканың ең қалың орманды облысы – Шығыс Қазақстан облысының орман өртін сөндіру техникасымен жарақтандырылуы ерекше алаңдаушылық туғызады, жарақтанудың республика бойынша орташа көрсеткіші 65 % болса, мұнда небәрі 35 % құрайды.
Орман қорғау мекемелері үшін өртке қарсы техника мен жабдықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы мүлдем жеткіліксіз. Белгілі бір жұмыс Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ғана жүргізілуде.
Өртке қарсы іс-шараларға тиісті мөлшерде қаржы бөлінбеуі орман өрттері алқаптарының кеңеюіне әкеп соғады. Орман өрттеріне неғұрлым жиі ұшырайтын өңірлер олар Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.
2017 жылғы 14 тамыздағы жағдай бойынша республиканың мемлекеттік орман қорында жалпы аумағы 10987,6 гектарды, оның ішінде 4660, 17 гектары орманды алқапты құрайтын 422 орман өрті оқиғасы тіркелді.
Оның ішінде әкімдік қарамағындағы және басқа мемлекеттік ұйымдарға қарасты орман алқаптарында жалпы аумағы 9789 гектарды, оның ішінде 4561, 3 гектары орманды алқапты құрайтын 106 орман өрті оқиғасы тіркелді, ал ҚР АШМ құзырындағы ормандарда жалпы аумағы 1198,2 гектарды оның ішінде 98,8 гектары орманды алқапты құрайтын 306 орман өрті оқиғасы тіркелеген.
2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2017 жылы республика бойынша орман өрттерінің саны 1,5 есе көбейіп, алаңы 18 есеге артты, ал бір өрттің орташа көлемі 26,3 гектарды құрады.
Атқарылып жатқан іс-шараларға қарамастан Жамбыл (9107,8 гектар), Қостанай (199 гектар), Павлодар (107 гектар) облыстарының мемлекеттік орман иеленушілер аумағында үлкен алаңдарда орман өрттеріне жол берілді. Барлық оқиғалар бойынша қызметтік тексерістер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды. Қостанай облысындағы орман өрті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Республика аумағындағы орман өрттерінің көбейюіне негізгі себеп ауа райы жағдайлары болып табылады (республиканың көптеген облыстарында 2 ай бойы V өрт қауіптілігі сыныбы сақталуда).
Өрт қауіпі бар маусым басталғаннан бері 415 орман өрті тіркелді, оның ішінде:
– Найзағай жарқылдарынан-303 орман өрті
– Дала өрттерінің өтуінен:28
– Жергілікті халықтың салдарынан: 6
– Анықталмаған себептер: 78
Соңғы 3 жылдағы орман өрттеріне жасалған талдау олардың шығу себептерінің бірі оттың даладан келуі болып отырғанын көрсетеді.
Осы жыл басталғаннан бері дала өртінің орман қорының аумағына ұласуы 29 оқиғасы тіркелді.
Ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша ірі дала өрттері байқалады. Әсіресе Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарында байқалады.
Ағымдағы жылдың 8 тамызында Қарағанды облысында 63043 гектарда 496 термонүктелер тіркелді, Актөбе облысы 5975 гектарда 63, Батыс Қазақстан 9989 гектарда 117 термонүктелер тіркелді.
Осы жыл басталғаннан бері дала өртінің «Ертіс орманы» резерваты орман қорының аумағына ұласуы салдарынан орман көмкермеген 1000 гектар алқапты өрт шалды.
Ауылдық округтердің әкімдіктерінде өрт сөндіру құралдарының болмауы дала өрттерін дер кезінде ауыздықтауға мүмкіндік бермейді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі