ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірхановтың төрағалық етуімен орман қорында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу жөнінде профилактикалық іс-шаралар туралы жиын өтті.
Оған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі, аудан бойынша ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөнінде мекемелердің басшылары және аудан әкімінің бас инспекторы мен ауылдық округ, ауыл әкімдері қатысты.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ержан Әлімханұлы орман және дала өртіне қарсы құрылған ерікті жасақты арнайы құрал-жабдықтарман толық қамтамасыз етілуін, өрт тұрғысынан кауіпті кезеңге дайындық мәселелері бойынша дала өртіне қатаң қадағалау және кезекшілік жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық және шабындық жерлерді пайдалану бойынша өрт маусымына байланысты жаднама таратылып, ауыл әкімдері қызметтік автокөліктерін жөндеуге, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне сұраныс хат берілу үшін нақты тапсырмалар берді.
Аталған тапсырмалар хаттамаға түсіріліп, аудан әкімінің бас инспекторы Дулат Әлтамашевқа ақпарат беріп отыруын тапсырды.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
«Мойынқұм таңы».