ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ СУАРУ ЖҮЙЕСІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Талас ауданының әкімі кезекті жұмыс сапары барысында Қаратау қаласының орталық саябағын көріктендіру бойынша атқарылар жұмыстарды бағамдады.
Орталық саябаққа кіре беріс арканың алдында су бұрқақ орналасатын болады. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Демалыс орнын көрікті ету, салқын ауа сыйлау, жасыл желегін суару бойынша су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ескірген балалар ойын алаңдары іске қосылып аттракциондар жаңғыртылатын болады.
Аудан басшысы жауаптыларға тиісті талаптардың қатаң сақталуын, барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті.

Талас ауданы әкімдігі