ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков «МЕН ӨЗІМ…Business Hub» деп аталатын орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Мекеме жетекшісі Балқия Байтулеева жалпы орталықтағы проблемаларды шаһар басшысына жеткізді.

Орталықтың негізгі проблемасы – мекеме ауданы тар және қаржы тапшылығы. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға аса қажет инватакси мәселесі.
Аталмыш орталық әуел баста жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелген. Сондықтан заң аясында қаралған жеңілдіктер орталыққа қолжетімсіз болып тұр. Шаһар басшысы бұл тығырықтан шығар бірден бір жол – орталық өз құжатын жеке кәсіпкерлік статусынан қоғамдық бірлестік статусына ауыстыру қажеттілігін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, заң аясында қолдау, көмек көрсетілетінін жеткізді.

Кездесуде сөз алған аталмыш орталықтың мүшесі, мүмкіндігі шектеулі азаматша Салтанат Даурбаева өзі тұратын көп қабатты үйде пандустын жоқтығын айтса, Марал Мешітбаева балаларының мүгедектігін рәсімдей алмай жүр екен. Өз кезегінде шаһар басшысы қос мәселе жөнінде тиісті орынбасарларына тапсырма беріп, айтылған өтініш-тілектер өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Сонымен қатар ғимараттың жағдайын көрген қала әкімі келесі жылы жөндеу жұмыстарына қолдау көрсетілетіндігін айтты.

Тараз қаласының әкімдігі