ОРТАЛЫҚТА ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ

Марал Хантөреқызы психология саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар білікті маман, «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ төрайымы. «Анаға тағзым» орталығының «Жан дауа» психологиялық көмек көрсету бөлімінде психологиялық кеңес беріп, диагностика және жөндеу жұмыстарын /коррекция/ жүргізеді.
Осы уақытқа дейін отбасылық қарым -қатынас, бала тәрбиесі, жеке тұлғалық даму, түрлі жан-жарақаттарынан зардап шеккен 10 мыңға жуық қыз-келіншектерге нәтижелі түрде көмек көрсеткен.
Өмірде шешілмейтін мәселе жоқ. Егер:
— өзіндік мендік деңгейіңіз төмендеп, жол таба алмай жүрсеңіз;
—шешімі табылмаған сұрақтарға жауап алғыңыз келсе;
—отбасылық қиындықтар, күйеуімен ұрысу, ажырасудан кейінгі депрессия мазаласа;
—балаларыңызды сабасына келтіре алмай, қиындықтарға тап болсаңыз, интеллект деңгейін көтергіңіз келсе;
—қыздар мен жігіттер қарым-қатынасы жайлы мағлұмат алғыңыз келсе, және т.б сұрақтармен орталыққа хабарласып, психолог көмегіне жүгіне аласыз.

Анаға Тағзым Орталығы