Орталықтағы жөндеу жұмыстарын көрді
Бүгін облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов жұмыс сапарымен Сарысу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында болып, ғимаратқа жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Еркін Егембердіұлы ағымды жөндеу жұмыстарын 10 мамырға дейін аяқтау керектігін, жұмыстар барлық талапқа сай жасалуы қажеттігін тиісті басшыларға жеткізді.
Сонымен қатар орталықтың айналасына абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін назарға алды.
Алдағы күндері Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарына барып, тиісті мекемелердің жұмысын көретін болады.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы