«Ортақ шаңырақ аясында» атты достық мерекесі
2018 жылдың 30 сәуір күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және «Жұмыскер» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Атырау қаласының «Жұмыскер» ауылдық округінде 1 — Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған облыстық этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен «Ортақ шаңырақ аясында» атты мерекелік шара өтті.
Халықтардың бірлігі күні — бұл ең маңызды, жарқын мерекенің бірі. Ол — достық пен өзара түсінушілік, бірлік мерекесі.
Шараның мақсаты: қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін паш ету.
Мерекелік іс-шараға Атырау облысының этномәдени бірлестіктер мүшелері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
«Ортақ шаңырақ аясында» атты салтанатты шара барысында сөз алған Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі басшысының орынбасары Л.Джылқышиева қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін жолдады.
Мерекелік шараға бір жүзден астам көрермен қатысты. Соның ішінде Достық үйі — қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктерінің белсенді мүшелері, яғни, шығармашылық ұжымдары ұйымдастырылған концертке белсене қатыса отырып, өз өнерлерін ортаға салды.
Қазіргі кезде Қазақстанда көптеген ұлттар мекендейді. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Міне, осы мереке халқымыздың бірлігін көрсетеді.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі