ӨСЕКТІ ҚАНДАЙ АДАМДАР АЙТАДЫ?
Күнделікті өмірде кездесіп жүрген маңызды бір мәселе ол – өсек.
Өсек – адамдар арасында бір-біріне таралатын жалған ақпарат. Өсек кез келген адамдар арасында жүреді: мейлі ол бай, орта шаруа, кедей болсын. Сонымен қатар, базардағы саудагерлерді айтпағанның өзінде, жоғарғы жақта отырған шенеуніктен бастап, мектептегі еден жуатын жандарға дейін өсектің не екенін жақсы біледі. Жасыратын ештеңе жоқ, қазіргі кезде қыздарды қойып, жігіттердің өздері өсекке жақындығын байқатып қалып жүр. Бұл дегеніңіз, жігіттірдің өзі асүйден әрі шыға алмайтын халге жеткенін аңғартады. Кей жандар осы өсектің арқасында өссе, кей адамдар бұның арқасында өшеді. Жақында бақытты тұрып жүрген жас отбасы болмайтын нәрсеге ұрысысып қалады. Күйеуі ашуға беріліп, осы уақытқа дейін көршілерінен және анасынан естіген өсек пен жаланы әйлеліне жабады. Бұндай жалаға шыдамаған әйелі отбасын тастап, екеуі айырылысып кетеді. Осы кезде біз өсек пен жаланың ара жігін ажыратып алуымыз керек. Ол екеуі екі бөлек нәрсе. Осы сияқты көптеген ел ішінде түйіткілді шешімін таппаған мысалдар көп.
Өсекшіні психологиялық тұрғыда сипаттасақ — бұл таза симбиоз, яғни энергетикалық қан ішуші(вампир). Энергиясы жоғары, жолы болғыш адамның қызғанышпен көре алмаушылықпен және өсекпен алдын кеседі.
Бұндай өсекші адамар- көбінесе жолы болмайтын, өмірде өзін таппаған, сонымен қатар, жалғыз бастылар. Олар өз негативі мен жамандығын өзгеге құю арқылы жеңілдеп қалады. Ал қабылдап, тыңдаған адам соның түйткілінен шыға алмай уайымдап, (неге деген) сұрақтың жауабын іздеп бас қатырып, маңызды деген істерінен қалып жүреді.
Үш түрлі өсек болады олар:
— Толық ойдан құралған. Яғни толық шындыққа жанаспайтын негізден құралған.
— Шындықты бұрмалау. Қолда бар фактілерді анықтап, бірақ «танымастай» оны қате түсіндіру және жеткізу.
— Шындықты айту. Сондай-ақ, оны қауесет деп атайды, бұл жағдайда өсекші білгенін мұқият жасыратын болады. Бірақ шындық кейін ашылады.
Сіз өсекке ілінген болсаңыз, маңыздысын анықтап алыңыз. Шындық па, ойдан құралған ба, әлде бұрмаланған өсек пе? Содан кейін барып шешім шығарыңыз. Негізі өсекті адам әр-түрлі қабылдайды. Кей адамдар өзіне айтылған өсектерден рахаттанады. Психологияда бұндай адамдарды демонстрантты дейді. Ол өзін ел ортасында жүргенін сезінеді. Осы арқылы өзіне қуат алады. Алайда өсектен жапа шегетіндер де бар. Олардың өзін екі санатқа бөлеміз.
Бірінші санаттағы – тақуалы (педантичный) адамдар. Олар теріс нәрсеге көп көңіл аударатындар. Өзі жайлы өсек тарағанын білсе, уайымға салынып, сол жайында көп ойланады. Өсектердің барлығы осыған қарата айтылса, аяғы ашуға беріліп, ыза- кек пайда болып, өз денсаулығына зиян келтіріп алуы ғажап емес.
Екіншісі санаттағы – үрейлі (тревожный) адамдар. Олар өздерін сенімсіз сезінетін, өз деңгейі мен тұжырымдамасын төмен санайтындар. Бұндай адамдардың бойында үнемі қорқыныш болады. Себебі өзіне қарата айтылған өсектен қорқып жүреді. «Егер мен жайында айтылған өсекке сеніп қалса, менімен араласуын тоқтатады, мен нашар адам болғанмын» деп ойлайды. Бұндай уайым- қайғы жағдайы арты жүйке жүйесінің ауруына әкеп соғады.
Өсекке ілінген жандарға мынадай психологиялық кеңес:
* Егер адам өсекке ілініп, өзін қоярға жер таппаса, ең бірінші психологтың көмегіне жүгінсін. Ондай мүмкіндік болмаса, таза ауаға шығып тыныстағаны дұрыс.
* Біраз ой жүгіртіп анық қанығына жетсін. Кім айтып жатыр, не айтып жатыр, ол менің өміріме әсер ете ме деген сұрақтар қойсын.
* Өзінің көз алдына елестете отырып, айналасына қамал (стена) салсын. Мейлі ол қыш, тақтай, әйнек және тас болсын. Осы арқылы өзін қорғаныштың ішінде отырғанын сезінеді.
* Айтылған әңгімеге назар аудармауға, сонымен қатар, өсекшілермен әңгіме- дүкен, сауық құрмауға өзін дағдыландыру керек.
Бұл өмірде өсекке ілінбеймін деген бос әңгіме. Тіршілік бар жерде өсек те бар. Әлсіздік танытсаңыз, артыңыздан неше түрлі әңгіме де ереді. Оларға қарсы шықсаңыз өзіңізге дұшпан таптым дей беріңіз. Бір жағынан оларды да түсінуге болады. Табиғаты солай жаралғанына қарсы қайда бара алады? Сонымен қатар, іші пысқан, жұмысы жоқ бос адамдар өсектен басқа немен айналысуы мүмкін?
Ермек Нұрымов