«Қостанай-Рудный» учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды

Орташа жөндеу жұмыстары ұзындығы 28 шақырым болатын «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 515-543,5 км учаскесінде жүргізіледі.

Қайта жаңғырту жұмыстары аясында жолшылар «Қостанай-Рудный» автожолының оң жағында орташа жөндеу бойынша ауқымды жұмыстарды аяқтады. Дәл қазір тас жолдың сол жағында жол жабындысын салу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта «Қостанай жолдары» ЖШС мердігерлік мекеме ұзындығы 14 км қолданыстағы жол жабындысын фрезерлеу және ұзындығы 3,5 км тегістейтін қабатты төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс нысанына 8 бірлік жол-техникасы мен 32 адам жұмылдырылған.

Биыл орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 4 жолақты қозғалысы бар І-ші санаттағы автожол толық пайдалануға беріледі.