Отан қорғау — парызың!
Әскерге шақырылушылар елімізде жеткілікті болғандықтан жыл өткен сайын оларға қойылар талаптар да жоғарылады.
Ең бастысы борышын өтейтін жігіттің денсаулығы мықты болуы тиіс.
Оларды медициналық тексеріс нәтижесінде бірнеше топқа бөледі.
Десек те, соңғы кезде Отан үшін отқа түсетіндердің саны азайып кетті.
Басым бөлігі ол жердегі жағдайдан үрейленеді. Оқтын-оқтын шығып тұратын әскер жайлы жайсыз қауесеттер ата-аналарды үркітіп қойған.
Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген керемет сөзі бар.
Осы орайда Қамқалы ауылдық округінде жастарды әскерге шақыру бойынша үгіт-насихат жүргізілді.
Ауыл жастары сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Нәтижесінде А.Қойшыбай әскерге баруға ниет білдірді.
Асылжан Пазылбеков, Сарысу ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры