Отандық көліктерге сұраныс азайған

Еліміздің машина құрастырушы компанияларының жұмысы құрдымға кететін түрі бар. Себебі, шетелдің маркадағы отандық көліктерге сұраныс едәуір азайып, зауыттарда құрастырылуы тиіс темір тұлпарлардың саны 92 пайызға дейін қысқарған. Жыл басынан бері 6 мыңнан астам жеңіл машиналар сатылса, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 59 пайызға кем болып отыр. Сол себепті отандық зауыттар өнім көлемін азайтып, құрастырылатын автомобильдердің санын да қысқартуға бел буып отыр. Экономикалық дағдарыс пен теңгенің құнсыздануы машина саудасының  құлдырауына әкелуде дейді сарапшы мамандар. Ал, автонарықты қолдауға мемлекет бюджетінен миллиардтаған қаржы бөлінсе де көлік жасау кәсіпорындарының көсегесі көгермей тұр.

«ЕлАна»