Отанға оралғаныма ширек ғасыр….
Отанға оралғаныма ширек ғасыр….
-немесе «ала қойды бөле қырыққысы» келетіндерге….
(БҰЛ НЕГІЗІ АТАП ӨТУГЕ ТҰРАРЛЫҚ ДАТА))))))) Бірақ айтайын дегенім бұл емес….
Мен 1993 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің арнайы шақыруымен Отанға оралдым. Алматыға келгесін ұстаздық қызмет пен әдеби шығармашылықтың, көркем аударманың ауыр жүгін арқалай жүріп, алғашқы «көші-қон заңын» әзірлеуге атсалысудан бастап, әсіресе, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі ретінде де, «Атажұрт» Қоғамдық бірлестігінің Төрағасы ретінде де, көбірек, көші-қон квотасын ұлғайту, қытайдан келген ағайындардың азаматтық алу, ықтиярхат алу, зейнетақы алу, еңбекөтілін мойындау, шеттегі қазақ балаларының ҚР-на келіп жоғары білім алу, дипломдарды мойындау, Қоянды ауылынан тұрғынүйлік жер мәселесін шешу, виза, тіркеу, ішінара «жалалы, істі» болған ағайындарға араша түсу ….т.с.с.толып жатқан мәселелер бойынша ширек ғасырдан бері қажымай-талмай, «түнде ұйықтамай, күндіз күлмей» тер төгіп келеміз….
Ол туралы жазған мақалалар мен алған-берген сұхбаттар «Азаттығым мен қазақтығым» деген көлемді кітабымызға арқау болды. Кейбір мәселелерді Елбасының қабылдауында болғанда да Ол кісінің қаперіне салдық. Сонымен бірге өткен жылы (2017) ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы, профессор М.Б.Қасымбеков мырза екеуміз Елбасының «КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ» атты кітабын (мақалалар мен сұхбаттар жинағы) алғысөзін жазып, баспаға әзірледік…….
Бір қызығы әлдекімдер құсап тұяғымыз қимылдап кеткеннің бәріне «мен бүйттім…» деп дабыл қағып, жар салған жалаулатқан жоқпыз…. (әлде сөйту де керек пе еді)))))
КӨШІ-ҚОН саласындағы сондай адал да жанкешті еңбегіміздің нәтижесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2002 жылғы арнайы жарлығымен шеттен келген ағайындардың белсенді де көрнекті өкілі ретінде бізді ҚР Президенті жанындағы «Ұлттық кеңестің» мүшелігіне қабылдаған болатын.
Бүгін Отанға оралғаныма ширек ғасыр толып отыр. Осы ширек ғасырдағы еңбегіміз әсте де елеусіз қалған емес. Соның бір жарқын мысалы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған (16.12.2001ж.) Салтанатты жиналысқа «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» сол кездегі Төрағасы марқұм Қ.Найманбаевтың ұсыныс етуімен Алматыдан Астанаға арнайы келіп «Тәуелсіздіктің 10 жылдығына» арналған салтанатты жиналысқа қатысып, омырауымызға мерекелік медаль тағып қайтқан болатынбыз. Ал
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы өз баяндамасында «Елге келіп, Ел дамуына елеулі еңбек сіңірген ғалым» ретінде Құрылтайдағы салтанатты жиналыста есімімізді атады….
Демек, күні бүгінге дейінгі ширек ғасыр бойына шеттен келген ағайындардың мұң-мұқтажымен жан аямай айналысып келеміз…..
Қауымдастыққа кеше келген жаңа басшы Зауытбек Тұрысбек мырза, мүмкін мені танымайтын шығар…. Ал оның көмекшілері Қарлығаш ҚожамұратОВА (Карлыгаш Хожамуратова) ханым мен талантты ақын інім Талапбек Тынысбекұлы мені жақсы біледі, мүмкін олар да мені білгенмен, арғы-бергідегі еткен еңбек пен төккен терді біле бермейтін шығар…. кім білсін?!….
Өйткені «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Астанаға қоныс аударғалы бері шеттен келген ағайын өкілдерінің бір неше мәрте басын қосқаны туралы ұзынқұлақтан естіп жатырмыз…
Бірақ бізді «барсың ба? қайдасың?» деген пенде болған жоқ….
Бір ақиқаттың басы ашық, тарихты Қарлығаш Қожамұрат ханым секілді «ала қойды бөле қырқатындар» жасамайды…..
Қарлығаш қарындасым мені «мұқатумен» бақытты болам десе, жолы болсын!!!
Ал біз шеттен келген ағайынның мұң-мұқтажы үшін қолдан келген көмек, демеуімізді әрі қарай да жалғастыра береміз….