«Отаным менің»
Бүгін осындай тақырыпта Шетпедегі аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстау аудандық әкімдігінің қолдауымен ағайынды Асқар жәнеАсанәлі Көшеровтердің шығармашылық ән кеші өтті.
Кеште автордың өзімен бірге танымал әншілер Айда Баегелова, Камшат Ізтілеуова, «Ақжарма» фольклорлық ансамблі, «Жорға» би тобы сахнаға шығып, аудан тұрғындарына өнерлерін ұсынды.
Кеш басында Асқар мен Асанәлі , «Маңғыстау», «Каспий» «Ауылым көшіп барады», «Желсіз түнде жарық ай», «Бозбала», «Ойлан, құрбым» сынды әндерін «Ақжарма» ансамблдің сүйемелдеуімен көрермендерге тарту етсе, жергілікті сазгерлер Көмек Ыбыраев, Жалғас Кеңесов, Талғат Атшыбаевтардың сөзіне жазылған әндерін қос ішекті домбырамен орындап берді.
Кеште сондай ақ Асқар мен Асанәлі Көшеров домбырамен жыр-термелер мен эстрадалық әндер орындады.
Кеш барысында аудандағы алғашқы шығармашылық кешімен аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров құттықтап, ақ жол тілеп, алғысхат табыс етті.
Ж.Айтуаров : «Ағайынды Көшеровтерде әншіге ең бірінші қажет нәрсе – дауыстың бар екенін, оның кең тынысты әншілердің қатарына жатады, екеуінің өзіне тән ырғақпен сыршыл әндер айтатынын, сондай-ақ өз мәнерін тапқан әншілер екенін» жеткізді.
Аллаберген Қонарбаев
Маңғыстау ауданы.