Отбасы бақыты -нәресте үнінде

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы — әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
Осы күннің құрметіне Сарысу ауданы әкімдігінің отбасы күніне іс-шаралар жоспары аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Отбасы бақыты — нәресте үнінде» атты игі шара ұйымдастырылды
Адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенінен бастап, есігін айқара ашып тұратын, ізгілік пен мол мейірімділікке толы мекеніне айналуына сеп болған Отбасы күнінің белгіленуі де тегін емес.
Осы мақсатта аудандық орталық ауруханасының перзентзана бөлімінде күні кеше ғана дүние есігін асқан жас сәбилерді дүниеге әкелген жас аналарды құттықтап, осы күннің маңыздылығын жастар арасында насихаттау үшін мекеме қызметкерлері арнайы барып, жас аналарға тәттілер сыйлап, өсіріп отырған ұрпақтарының дені сау болып өсуін тілеп, ізгі ниет-тілектерін білдірді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі