«Отбасы – өмір айнасы»
Бүгін «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс – шаралар кешенін ұйымдастыру» туралы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Жаңатас көпсалалы колледжінде «Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында колледж қызметкерлері және білімгерлерімен кездесу жиыны өткізілді.
Жиынға Тараз қаласынан психолог-маман Жанна Қабылбекова, Сарысу аудандық кеңес беру кабинетінің мамандары Қоңырбекова Гүлзира, Баққұлиева Қанағат, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жақсыпейілова Бауыржан, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Қуанышбаев Роллан қатысып, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, балалар тәрбиесінің маңыздылығы, гендерлік мәдениетті дамыту туралы айтып, түсіндірді. Құқықтық кеңестер берді.
Сарысу ауданы әкімдігі