ОТБАСЫЛЫҚ МАРАФОН ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Шу ауданында жас отбасылар арасында «Махаббат марафоны» ұйымдастырылды. Аталған марафонға өңірдің елді мекендерінен 27 жұп қатысып, мәре сызығын бірінші болып кесуге ұмтылды.
Төле би ауылындағы орталық алаңнан бастау алған марафонға ардагер спортшы Ерболат Досымбаев, Шу аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын насихаттау бөлімінің меңгерушісі Есенкүл Оспанова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Эльмира Асқарова мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қасымхан Мәуленов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң жастар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің еріп жүруімен Жастар аллеясының қақпасына дейін жүгіріп келді.
Марапаттау рәсімінде Ерболат Әбдіжапарұлы жүлдегерлерге медальдар мен кубок, сонымен қатар сый-сияпаттарын табыс етіп, жастарға ағалық ниетін білдірді. Одан бөлек желаяқ жастарға ақ батасын беріп, елімізді отбасы институтын нығайту керектігін жеткізді.

Шу ауданы әкімдігі