ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Әсіресе, әлеуметтік — тұрмыстық қиындықтар құрсауында қалғандар, моральдік тұрғыда азаптануды бастан кешіп жан жылуынан зәрулік көріп отырған отбасыларға қоғам болып қолдау көрсету адамгершілік мұратымыз екені шындық. Әр шаңырақтың бақытты жағдайда өмір сүруін әрдайым өз сөзіне арқау етіп келе жатқан ел Президенті Қасым–Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы өмір сүру дағдымызға басты бағдар болуға тиіс.