«ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ» БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Ауданда «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі анықталған санаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өзектендіру бойынша кеңес отырысы өтті.
✔️Аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова кеңестің ашықтығын жариялап, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
✔️Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қ.Сметова, басқарманың ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Ш.Жорғатаева, облыстық білім басқармасынан А.Амангелдіұлы қатысты. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасайтын бөлімдердің мамандары мен ауылдық округ мамандарын Мансап орталығында өткізілетін жүйеде өзектендіру бойынша тәжірибелік оқуға қатысып, жүйелі жұмыстар атқаруға шақырды.