Өтіріктің де орны бар (Тәмсіл)
Жас мұсылман жігітке жала жабылады. Соңында өлім жазасына кесіледі. Жазаның орындалу уақытын күтіп отырғанда өзіне жала жапқан адамдарға және мұның арасында патшаға да аузына келгендерін айтып, бәрін сөгіп айғайлап жатады. Бұл ащы-ащы шыққан дауыстар біраз уақыт жалғасады. Патша сарайына да бұл айқай естіледі. Бірақ ұзақта болғаны үшін не айтқанын ұға алмайды.
Екі уәзірінің жанына барған патша:
«Бұл жігіт не деп айғайлап жатыр?»,- деп сұрайды.
Бірінші уәзірі:
«Патшам бұл жігіт “Алла кешіргендерді үстем етеді” деген хадис шәрифті айтып жатыр, “Кешіргендердің барар жері жәннат” деп, сізден кешіруіңізді сұрап жатыр.» дейді. Бұл сөз патшаның көңілінен шығады. «Бұл жігітті кешірдім босатыңдар» дейді.
Екінші уәзір дереу сөзге араласып:
«Құрметті патшамыз, бұл уәзіріңіз сіздің ұлылығыңызға қарсы өтірік айтты. Ол жігіт кешірім сұрап жатқан жоқ еді, сізді балағаттап жатқан еді» дейді.
Сонда патша:
«Ей уәзір, сен орынсыз шындықты айтып, екі адамның өліміне себеп болмақсың. Ал мына уәзірдің өтірігі бір жанды құтқарған еді. Ұмытпа “іске жараған өтірік, фитнаға себеп болған шындықтан жақсы”» дейді.
Патша орынсыз шындықты айтқан уәзірін лауазымынан түсіреді, орынды түрде өтірік айтып кінәсыз адамды құтқарған уәзірді өзіне бас уәзір етіп тағайындайды.