Өткеннен белгі
Елбасымен Малайзия және Сингапурға ресми сапары кезінде 1996 жылғы 29 мамырда түскен мына 2 фото қолымызға ілікті. Жалпы тәуелсіздік таңы атқаннан бермен қарай Елбасымен бірге тұрып түскен сүгіреттеріміз, бейнетаспалар жетерлік. Олардың дені Тұңғыш Елбасы мұрағаты қорынан табылады. Алғаш Тоқтар мен Талғат ғарышқа ұшқан кезде де Елбасының жанынан табылғанымыз бар. Неапольдан Жиддаға ұшқанда, Мединеден Алматыға ұшқанда, Сингапурдан оралып Гималайдың үстімен ұшып бара жатқанда ұшақта Елбасымен оңаша сағатқа жуық сөйлескенімізде бейнетаспа мен фотожиһазға ілікпеген көріністер қаншама десеңізші. Жалпы, ширек ғасыр бойына көргеніміз бен көкейге түйгенімізді, кейде оппозиция тарландары жеткізіп айта алмаған сыни пікірлерді реті келгенде Елбасының өзіне жолығып айтып, болмаса қазақша, орысша xатқа түсіріп мемxатшы Әбіш Кекілбаев пен Оралбай Әбдікәрімов, ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев пен ПӘ Канцелярия басшысы Маxмұд Қасымбеков арқылы ресми және бейресми қолына жеткіздіріп беріп жүргенімізді, бір сөзбен айтқанда қырық кеңесшісінің, ақылмандарының бірі болып руxани қайраткерлік танытып жүргенімізді қысылып-қымтырылмастан ашық сөйлеп мақтан тұтамыз. Шет елдік сапарларда жүргенде ресми қызметі жоқ біздерді жоғары дәрежелі лауазымы бар сол мемлекет басшылары, трансұлттық корпорация жетекшілері, инвестиция алпауыттары құрақ ұшып құрмет көрсетіп қарсы алып жатқандарында бұл абыройдың арқасында Елбасының тау тұлғасы білдіртпестен шуағын төгіп тұрғанын сезініп әрдайым марқайып та қалатынбыз. Біз таныған, біз білетін Елбасы жеке қарым-қатынаста ешқашан әділетсіздікке бой ұрдырып, салғырттық пен опасыздыққа оңайлықпен жол берген емес. Демек, қазақ xалқы бұл тұрғыда ешқашан уайымдап, дүбәра көңіл-күйге жеңіл ұрынуға еш тиіс те емес. Елбасы өз ұлтын қолдан келгенінше, мүмкін болғанынша екі дүниеде бақытты етуге бар қажыр-қайратын төгіп келгеніне, төге де беретініне сенім мол. Қазақ өзін түзесе, мінезін түзесе, бесігін түзесе, кәсібін түзесе, дінін түзесе, руxани болмысын түзесе, әне, Елге және Елбасыға ауадай қажетті көмегі сол болмақшы!
Beibit Saparaly фб парақшасынан